383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО жұрты «Арыс. Біз біргеміз» акциясына белсенді атсалысып жатыр

  • 148
  • UPD: 19:49, 25.06.2019

«Арыс. Біз біргеміз!» акциясына батыс қазақстандықтар да белсенді атсалысып жатыр. 

Дәл қазіргі сәтте облыс орталығындағы ірі кәсіпорындар гуманитарлық көмек түріндегі жүктерді көліктерге тиеуге кірісті. Қиындыққа тап болғандарға ең бірінші кезекте қажет болатын заттар жіберілмек. Мәселен, балалар киімдері, гигиеналық заттар, тағам өнімдері мен құрылыс материалдары тиелген қайырымдылық керуені түс ауа аттанбақшы. Айта кету керек, Арыстағы ағайынның басына түскен ауыртпалықты жеңілдетуге қоғамдық өңірдегі ұйымдар да атсалыспақ ниетте. Көп азаматтар мен мекеме-ұйымдар өздерінің бір күндік жалақыларын аударуға бел буып отыр. 
   
Ғабидолла Оспанқұлов,  Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары: 

- Сонымен қатар азаматтардан, кәсіпкерлерден кәсіпорындардан тағы да қандай бірінші қажеттілік заттары жинақталу пункттері ашылды. Ол Орал қаласында 3 жерде жұмыс істеп жатыр. Біріншісі мына Нұр Отанның жас отан қанаты ғимаратында, екіншісі жастар және оқушылар сарайында, үшіншісі Назарбаев дағылындағы жастар ресурстық орталығында, осындай 3 пункт жүзеге асырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы