384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саперлар Арыстағы жарылғыш заттарды залалсыздандырып жатыр

  • 222
  • UPD: 23:32, 25.06.2019

Қазір онда арнайы мамандардан құралған 9 топ бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қала маңындағы жарылмай қалған оқ-дәрілерді анықтаумен айналысуда. Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, қоймалардан бөлек теміржол бойы мен тұрғын үйлердің маңайларын тазартуға басымдық берілген. Әскерилер дала өртінің алдын алу үшін шаһардың маңын әуеден бақылап шықты. Ал қаланы 700-ге жуық әскери қызметкер қоршауға алған. Бүгінде әскери полиция бөлімшелері әскери топ құрамында құқықтық тәртіпті сақтауға атсалысуда. Ал жеке құрам жауапты аймақта жол қозғалысын реттеп, патрульдік қызмет атқарып жатыр.

Эрик Кұрбанов, ҚР ҚК әскери полициясы бас басқармасы басшысының бірінші орынбасары:

– Бүгінгі күні әскери полиция бөлімшелері әскери топ құрамында құқықтық тәртіпті сақтауға атсалысуда. Ал жеке құрам жауапты аймақта жол қозғалысын реттеп, патрульдік қызмет атқарып жатыр. Жергілікті құқық қорғау органдарымен тығыз қарым-қатынас орнатылды. Жеке құрамның моральдық психологиялық ахуалы тұрақты. Олар қойылған кез келген тапсырма мен міндетті атқаруға дайын.

Хабар 24 телеарнасы