389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстық оқушылар елордаға келеді

  • 503
  • UPD: 23:32, 25.06.2019
Арыстық оқушылар елордаға келеді

Еуразия ұлттық университеті Арыс оқушыларына жазғы білім беру лагерін ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғаш болып 9-11 сынып оқушылары оқу орнының студенттер үйіне орналастырылады. Олардың жататын орны мен тамағы тегін. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеткіншектерге түске дейін арнайы білім беру қарастырылған. Яғни болашақ мамандықтарына бағыттап, ұстаздар дәріс береді. Сондай-ақ балалар мәдени орындарға саяхаттап, эстрада жұлдыздарымен кездесетін болады. Университет 500 оқушы қабылдауға дайын. 

Әлібек Мәдібеков, ЕҰУ әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры:

– Арыстағы бауырларымыз бен еліміздегі азаматтардың барлығының бір екенін көрсетуіміз керек. Бұл әр азаматтың борышы деп ойлаймын. Сондықтан біздің оқытушыларымыз да қоғамдық негізде сабақ беруге дайын. Осындай қиын кезде жұртшылықпен, Арыс халқымен бірге екенімізді көрсету.

Хабар 24 телеарнасы