389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстандағы ағайын да арыстықтарға қол ұшын созбақ

  • 500
  • UPD: 23:31, 25.06.2019

Арыстағы жағдайға алыстағы ағайын да алаңдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының өкілдері жарылыстан қираған бір үйді жөндеп бермек. Ата жұрттағы алапат жарылысқа қобалжыған диаспора өкілдері бүгін бас қосып, осындай келісімге келді. Жалпы, көрші елде миллионнан астам қандасымыз тұрып жатыр. «Қайғыны бөліссең, азаяды» деген көрші елдің зиялы қауым өкілдері отандастарына басу айтып, қолдау білдірді.

Серікбай Үсенов, Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы:

– Осы тіктеу қоры ашылса. Қорға осы жердегі қазақтар да қарап тұрмайды. Шын көңілден жәрдем береміз деп келіп тұрғандары да көп. Қаланы тіктеп алуға күшіміз жетеді деп ойлаймын. Біз де қарап тұрмаймыз.

Клара Садырбаева, «Отандастар» қорының Өзбекстандағы өкілі:

– Біз, Өзбекстанда өмір сүріп жатқан қазақ халқы қандастарымызға қол ұшын беріп, жәрдем көрсетеміз. Міне, бүгінгі күндегі олардың болып жатқан жағдайын түсінеміз. Сондықтан халыққа сабырлық тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы