383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында әкімдік қызметкерлері бір күндік жалақысын арыстықтарға аударады

  • 193
  • UPD: 00:10, 26.06.2019

Қарағанды облысының да барлық деңгейдегі әкімдік қызметкерлері бір күндік жалақысын Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде аударады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұқтаж жандарға қол ұшын созғысы келетін жекелеген адамдар Nur Otan партиясының филиалы жанынан құрылған арнайы бекетке бара алады. Кеше түнде Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен Арыс қаласына 10 тонна гуманитарлық жүк ұшақпен шұғыл жөнелтілген болатын. Азық-түлік, алғашқы қажетті тауарлар, жеке гигиена құралдары және дәрі-дәрмектерді жинауға меценаттар, демеушілер, кәсіпорындар және өңірдің тұрғындары көмектескен. Қазірдің өзінде қала-аудандардан, кәсіпкерлердің атынан жеткен жүктер бекет басына жинақталып жатыр. Бүгін жүк көліктерінің алғашқы легі Түркістан облысына сапарға шығады. «Бұл жұмыстар Арыстағы жағдай тұрақталғанша жалғаса береді», – дейді ұйымдастырушылар.

Қадиша Оспанова, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Филиал бойынша бүгін бір күндік жалақымызды аудардық. Енді әр ауданнан азық-түлік жіберілуде. Ұн, қант, май жіберуде. Содан кейін балалардың дәрі-дәрмектері, керек киімдері. Фармацевтикалық зауыт бізге бір миллион теңгеге осындай дәрі-дәрмектерді жіберіп жатыр. Ол жаққа жібереміз.

Хабар 24 телеарнасы