389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының бірнеше жерінен гуманитарлық көмек көрсету орталықтары ашылды

  • 294
  • UPD: 23:30, 25.06.2019

«Жас Отан» жастар қанатының «Арыс, біз біргеміз» акциясына және Алматы қаласының еріктілері ашқан орталықтарға қаланың жасы да, жасамысы да келіп мүмкіндіктерінше көмек беруде.

«Мұнда гигиеналық заттар мен әртүрлі тағам түрлері және балалар мен ересектерге арналған киім-кешек, сондай-ақ көрпе-жастық секілді тұрмысқа қажетті заттар жинастырылуда. Одан бөлек арнайы есеп-шоттарға қаржылай көмектер келіп түсуде» дейді ұйымдастырушылар. Бүгін «Жас Отан» жастар қанатымен еріктілер жиналған азық-түлікпен заттарды арнайы көлік жалдап Шымкент қаласына жөнелтуді жоспарлап отыр. 
   
Мәди Ахметов, Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі:

- Біз жаңағы Шымкент қаласындағы Түркістан қаласындағы жастардың басшыларымен де байланысқа шығып отырмыз. Ең қажетті дүниелер қандай екенін сұрастырып біліп жатырмыз. Бүгін таңғы сағат жетіден бері осы жастар келіп, қала тұрғындары келіп өздерінің кішігірім көмектерін көрсетіп жатыр. Біреуі көрпесін алып келсе екіншісі балаларға киім-кешек алып келіп жатыр. Үшіншісі тамағын суын алып келіп жатыр деген сияқты. 
 
Азамат Асқар, ерікті: 

- Қазіргі таңда бізде қазіргі уақытта бізге киім кешектер әкеліп жатыр ер адамдарға әйел адамдарға, балаларға әртүрлі ойыншықтар. Тағам кішкентай балаларға арналған сәби балаларға арнлаған. Кешкі уақытқа дейін бір партияны жинап жаңағы Шымкент қаласына жібереміз. Арнайы газельмен.

Хабар 24 телеарнасы