383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықтың жәрдемі Арыс жұртының алаң көңіліне демеу болып жатыр

  • 128
  • UPD: 21:56, 25.06.2019

Арыстағы жойқын жарылыс жергілікті тұрғындарды жан-жаққа бездірді.

Алайда қазақстандықтар апат болған жерден дереу табылды. Қабырғасы қайысқан халық жедел көмек көрсету мақсатында барынша атсалысып жатыр. Жұрт жұмылып, белсенділік танытып тез арада жарақат алған жандарға медициналық көмектен бастап, азық-түлікке дейінгі керек-жарақты жеткізуге тырысуда. Оны әлеуметтік желілерден де байқауға болады. Дүйім жұрт қолдан келгенше барлық қажетті қолдау жасайтындарын айтып, арыстықтардың алаң көңілін демеп жатыр. Осылайша халық қысылтаяң сәтте шын пейілмен қолдау білдіруде.

Хабар 24 телеарнасы