384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық жастар бірер сағатта 10 тоннаға жуық азық-түлік жинады

  • 212
  • UPD: 23:29, 25.06.2019

Отыз ерікті бірнеше топқа бөлініп, қаладағы ірі сауда орындарын аралап шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың өтінішіне құлақ асқан кәсіпкерлер қалаған тауарды алуға рұқсат берген. Арыспен арадағы жолдың қашықтығына орай жастар бұзылмайтын тағамдарды сұраған. Азық-түліктің дені түрлі сусындар, картоп, күріш пен ұн өнімдері. Олар жуық арада теміржол вагонына тиеліп, жарылыстан жапа шеккен жанұяларға жөнелтіледі.

Асылқайыр Жидебаев, ерікті:

– Арыста болып жатқан жағдайларға біз бейжай қарай алмай, бір сағат ішінде тоннаға жуық заттарды жинадық. Бұйыртса, осы заттарды ертең пойызға салып жіберетін боламыз. Кәсіпкерлерге рақмет айтқым келеді. Өздері қолдан келгенше бауырларына, отандастарына көмектесіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы