384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық дәрігерлер Шымкентте зардап шеккендерге көмек көрсетуде

  • 211
  • UPD: 23:28, 25.06.2019
Алматылық дәрігерлер Шымкентте зардап шеккендерге көмек көрсетуде

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созған көптің қатарында Алматыдағы №4 қалалық аурухананың қызметкерлері де бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бір күндік жалақыларын жинақтап, 2 миллион 600 мың теңге аударды. Осы аурухананың білікті дәрігерлерінен құралған бригада қазір Шымкент қаласында зардап шеккендерге көмек көрсетуде.

Елдес Сүгір, пациенттерді қолдау және ішкі аудит бөлімінің меңгерушісі:

– Біздің аурухананың қызметкерлерінен екі көпсалалы бригада құрылып, Түркістан облысына аттанды. Құрамында травматолог дәрігер бар, реаниматолог дәрігер бар. Мамандандырылған көмек көрсету үшін.

Алматының Төтенше жағдай департаменті де қаланың өрт сөндіру қызметімен бірлесіп Арыс қаласының тұрғындарына материалдық көмек көрсетеді. 1300 өрт сөндіруші мен құтқарушы жалпы сомасы 3 миллион 732 мың теңге болатын бір күндік жалақыларын бөлді. Қайырымдылық қаражат «Түркістан» әлеуметтік даму қорына аударылды.

Тұрысбек Сартаев, қалалық азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

– Ешкім қалыс қалған жоқ. Барлық қызметкер ерікті түрде көмек көрсетуге ниет білдіріп, бір күндік еңбекақыларын аударды. Бұл жалғыз Арыс қаласы тұрғындарының қайғысы емес. Қиындықты ел болып көтерген дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы