389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда перзентхана дәрігерлері арыстықтарға 2 млн теңге аударды

  • 267
  • UPD: 08:57, 26.06.2019

Маңғыстаулық полицейлер мен мұғалімдерді де Арыстағы ауыр жағдай бей-жай қалдырған жоқ.

Облыстағы барлық тәртіп сақшысы мен Қарақия ауданындағы мектептердің ұстаздары баспанасыз қалған ағайынға бір күндік жалақыларын аударды. Жақсылық жасаудан дәрігерлер де қалыс қалған жоқ. 30 күндік еңбекақыларының бір бөлігін жарылыстан зардап шеккендерге қолдау қорына аударатын болып шешті. Ақтаудағы Ана мен бала орталығының қызметкерлері 2 миллион теңге жинап берді. Тәжірибелі акушер-гинеколог Жамал Жаманбаева оңтүстіктегі ағайынға алаңдап, түнімен көз ілмепті. Арыстағы ауруханада бірнеше курстасы еңбек етеді екен. Тек таңға жуық қана олармен тілдесіп, амандықтарын білген.

Жамал Жаманбаева, Ана мен бала орталығының директоры:

– Кейін білген хабарым бойынша дәрігерлер ең қиын ортада жүріп, көмек көрсеткенін естідік. Сондай қиын жағдайға қарамастан өздерінің міндеттерін адал орындап жүргеніне шын ниетпен қуаныштымыз. Бүгінгі жиында бір күндік жалақыны есептеп, арыстықтарға көмекке ұсынғымыз келді. Ұжым бірауыздан қолдап, бухгалтерия есептеп, жұмыстың аяғына қарай жібереміз.

Тайман Аңшыбаев, Ақтау қалалық полиция басқармасы ЖПП взвод командирі:

– Маңғыстау облысынң полиция департаментінің қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақысын кешегі Түркістан облысындағы Арыс қаласында болған жағдайға байланысты аударды.

Хабар 24 телеарнасы