384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Арыс, біз біргеміз» акциясына атыраулық мемлекеттік қызметкерлер үн қосты

  • 132
  • UPD: 08:58, 26.06.2019

«Арыс, біз біргеміз» акциясына атыраулық мемлекеттік қызметкерлер де атсалысып жатыр.

Жалпы мұнайлы өлкеде 3,5 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер бар. Олардың барлығы зардап шекккен жандарға көмек көрсету туралы ұсынысты бірауыздан қолдады. Сонымен қатар бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық мекемелерден 10 білікті дәрігер Арысқа аттанып кетті. Мемлекеттік қызметтегілердің үндеуіне қазір аймақтағы ірі кәсіпорын, мекемелерде атсалысып жатыр. Жалпы бұл қаржылай көмек алдағы күндері Арыстағы қайырымдылық қорларының есепшотына аударылатын болады.

Әлпеш Садық, Атырау облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің бас маманы:

– Арыстағы жарылыстан зардап шеккен жандарға көмек қолын созу мақсатында Атырау облыстық әкімдігі, жергілікті атқарушы органдардың барлық ведомостволық мекемелерінің қызметкерлері, яғни облыстың барлық мемлекеттік қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударғалы отыр. Әкімдік қызметкерлері қиындыққа тап болған қазақстандықтарға көмектесу өздерінің азаматтық борышы деп есептейді. Атырау облысының барлық мемлекеттік қызметкерлері арыстықтармен бірге екенімізді айтқымыз келеді.

Хабар 24 телеарнасы