384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл полицейлер балықшыны құтқарып қалды

  • 119
  • UPD: 08:30, 26.06.2019
Петропавл полицейлер балықшыны құтқарып қалды

Петропавл қаласының полицейлері қайықта ұйықтап кеткен балықшының өмірін құтқарып қалды.

Таңғы бес шамасында айдында қалқып жүрген су көлігін қала тұрғындары көріп, тәртіп сақшыларына хабар береді. Олар келген сәтте қайық өзен ағысымен бөгетке жақындап қалған екен. Оған мінген кісі өзін дауыстап шақырған адамдарға жауап бермеген. Мұны көрген бойда полицейлердің бірі жүзіп барып, қайық тізгінін қолына алады. Қатты ұйқыға кеткен балықшы жағалауға шыққан соң бір-ақ оянған.

Талғат Іңкәров, патрульдік полиция батальонының қызметкері:

– Біз келген сәтте қайық пен бөгет арасында шамамен үш жүз метрдей жер қалғанын көрдік. Мен дереу патрульдік көлікке отырып, бөгетке қарай жүрдім. Мақсатым – сол маңда қайық болса, оған мініп су үстіндегі адамға бару еді. Осы аралықта қызметтес серігім өзенге түсті. Қайыққа жүзіп жеткен соң, жағалауға бет алды.

Хабар 24 телеарнасы