389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дан Түркістан облысына гуманитарлық көмекпен 5 жүк көлігі жіберілді

  • 205
  • UPD: 09:08, 26.06.2019

Солтүстік Қазақстаннан Түркістан облысына гуманитарлық көмекпен 5 жүк көлігі жіберілді.

Қиындыққа тап болған Арыс халқына жергілікті тұрғындар да қолдау көрсетті. Өңірде құрылған жедел штабта азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын мен күнделікті тұтынатын заттардың мол қоры жиналған. Бұл оқиға ешкімді де бей-жай қалдырмады. Полиция қызметкерлері 7 миллион теңге көлемінде бір күндік еңбекақыларын арнайы шотқа аударды. 

Евгений Глотов, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

– Жиналған жүктің жалпы салмағы 110 тоннадан асады. Партияның бір күндік еңбекақыны аудару туралы ұсынысына «Nur Otan» партиясының барлық мүшелері мен аймақтағы мемлекеттік қызметшілер үн қосты.

Хабар 24 телеарнасы