389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақ халатты абзал жандар Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге көмек көрсетуге ниетті

  • 326
  • UPD: 10:51, 26.06.2019

Шымкенттегі Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына Арыс қаласынан 8 азамат түскен.

Оның бірі – жүкті әйел. Ауруxанаға түскен науқастарды күйік шалған және булар мен түтіннен токсикалық уланудың белгілері анықталған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін оқиға болған алғашқы күні-ақ 10 жедел медициналық жәрдем бригадасы Арыс қаласына көмекке жіберілді. Зардап шеккен азаматтарды қабылдау үшін қаладағы медициналық ұйымдарда қосымша 280 төсек-орын жабдықталды. Қалалық алты медициналық ұйымда 110 азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, 37 азамат ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ 21 азаматқа қалалық емханадағы дәрігерлер медициналық көмек көрсеткен.

Мәдина Ермаханбетова, Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері:

– Санавиация қызметі бойынша білікті дәрігерлер Алматы қаласынан келген. Шұғыл медицина координациялық ұлттық орталығының директоры Біржан Оспанов санитарлық авиация мамандарымен бірге Арыстағы жарылыс салдарынан жараланған жараланған науқастардың жағдайын бақылап, отадан кейін бірнеше адамды тексерген.

Хабар 24 телеарнасы