387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрлан Нығматулин: Арыстағы оқиғадан зардап шеккендердің сауығуын тілейміз

  • 319
  • UPD: 14:03, 26.06.2019

Барлық депутаттық корпус атынан Арыстағы жарылыстан қаза болғандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Сонымен бірге, зардап шеккендердің тезірек жазылып кетуіне тілектеспіз, Арыс, бізге біргеміз. Баршаңызға белгілі осы күндері бүкіл ел болып, Арыс тұрғындарына қолдан келген көмекті көрсетіп жатыр, деді бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы өздерінің бір күндік жалақысын арнайы көмек көрсету қорына аударғандарын да жеткізді. Халықпен кездесу үшін депутаттардың бір тобы Арысқа аттанып кеткен.

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Марқұмдардың туыстарына көңіл айтамыз. Зақым алғандары жазылып кетсін. Парламент депутаттарының көбі Арыста. Өзіміздің берген көмектерімізді елге жеткізіп жатыр. Елмен хабарласып сөйлесіп жатырмыз. Проблеманы көтеру керек. Бірақ осыны дұрыс пайдалану керек. Мұндай қаза бұдан былай болмау керек.

Хабар 24 телеарнасы