384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жағдай әскерилердің бақылауында

  • 191
Арыстағы жағдай әскерилердің бақылауында

Қазір Арыс қаласындағы қауіпті деген аумақтарда 9 арнайы жасақ жұмыс істеп жүр.

Олар елді мекенді жарылмай қалған әскери жарақтардан тазарту әрі залалсыздандырумен айналысады. Алдымен қала маңындағы теміржолдар мен тұрғын үйлерді жіті тексеруге кірісті. Ол үшін арнайы ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын қолданады. Айта кетейік, бүгінде 700 әскери қызметкер мен тәртіп сақшылары қаланы аралап жүр. Оларға 1200 әскери лашық арналды. Сондай-ақ азық-түлік қоры да дайындалды. Әскерилер өз кәсібіне машықтанған мамандардан жасақталған.

Хабар 24 телеарнасы