384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстықтарға еріктілер көмек көрсетуде

  • 282
  • UPD: 13:50, 26.06.2019

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Арыс қаласынан эвакуацияланған тұрғындарға еріктілер жәрдем беріп жатыр.

100-ден астам жергілікті жас зардап шеккен халыққа азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттарды жеткізіп, қолдау көрсетіп жатыр. Жалпы ауданда жинақталған азық-түлік қоры қоныстанған халықты 10 күн бойы қамтамасыз етуге жеткілікті.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

– Қазығұрт ауданында 4 эвакуациялық бекеттен бөлек, 5 ауылдық округте тұрғын үйлерде 500-ден астам адам қоныстандырылғандығы анықталды. Ауданға келген арыстықтардың 355-і – кәмелетік жасқа толмаған балалар. Осы уақытқа дейін жоғалған 11 бала ата-анасын тауып, аман-есен қауышқан. Мемлекеттік және бюджет саласының қызметкерлері бір күндік жалақыларын Арыс қаласына жәрдем ретінде аударуға ниет білдіріп отыр. Қазір бұл жұмыстар басталды. Жалпы ауданнан Түркістан корпоративтік әлеуметтік даму қорына 15 миллионнан астам теңге аударуды көздеп отыр. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер азық-түліктен бөлек арнайы құрылған аудандық қорға қаржылай көмек беруді бастады. Қазір қорда 500 мың теңге жинақталып, қабылдау жалғасып жатыр. Айта кету керек, аудандық ауруханада жарылыс кезінде жараланған 10 науқас емделуде. Дәрігерлер олардың өміріне келер қауіп жоқ деп отыр. Ал ерікті жастар көмек беруді жалғастыруда.

Эвакуациялық бекеттердегі адамдарға күн ара монша ұйымдастырылған. Ал бүгін түс қайта мәдени іс-шаралар бағдарламасы әзірленіп, халыққа рухани қолдау көрсетілмек.

Хабар 24 телеарнасы