389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыс кезінде мұғалімдер жас ананы босандырып алған

  • 308
  • UPD: 13:51, 26.06.2019

Арыстағы жарылыс кезінде жүкті әйелді босандырып алған мұғалімдерді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы марапаттады.

Сала басшысы әріптестерінің ерлігі мен адамгершілігін айтып, құрмет грамотасын табыстады. Министрлік атынан ұлттық бірыңғай тестілеу мен апелляция отырысын өткізуге барған Балбөпе Өтенова, Шайза Доскеева, Жанат Нұржұманова сынды ұстаздар бір қыздың кіндік шешесі атанды. Мұғалімдердің үшеуі де үрей мен қауіп арасында жүріп, жас келіншек пен шақалақты аман-есен дәрігерлерге табыстаған.

Балбөпе Өтенова, Атырау мұнай-газ университетінің мұғалімі:

– Ойда жоқта кіндік шеше атандым. Байланыста боламын. Жағдайын біліп тұрамыз. Өзімнің екі қызым бар еді, енді міне үшінші қызым бар деп амандығын тілеп отырамын. Бауы берік болсын. Қызымыз аман-есен отбасымен қауышсын деп тілеймін. 

Хабар 24 телеарнасы