384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы саперлардың саны 500-ге жетті

  • 562
  • UPD: 13:50, 26.06.2019

Арыс қаласында жұмыс істеп жатқан саперлардың саны 500-ге жетті.

Бұл туралы аймақтағы төтенше жағдай бойынша соңғы ақпараттармен бөліскен еліміздің Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев мәлімдеді. Инженерлік-саперлік топтар жарылыс салдарынан қала аумағына ұшқан снарядтарды іздеп, залалсыздандыруда. Бүгінгі таңда елді мекеннен 70-ке жуық снаряд жиналған. Қорғаныс министрлігі өкілінің айтуынша, қоймаларда 40-тан астам жарылыс болған. Дегенмен онда радиоактивті қару сақталмаған. Айта кетейік, 1930 жылдардан бері жұмыс істейтін арсенал алғашында елді мекеннен қауіпсіз қашықтықта орналасқан. Бірақ қала аумағы өсіп, қала мен қойма арасы 200 метр қашықтыққа жеткен.

Тимур Дәндібаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

– Төтенше жағдай аумағында жалпы саны 50 топ жұмыс істеп жатыр. Инженерлік-саперлік топтар Арыс қаласының төңірегін жарылу қаупі бар заттардан тазартады. Бірінші кезекте теміржол аумағы мен тұрғын үйлердің аумағы тексерілуде. Әуеден барлау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ оқ-дәрілерді тапқан жергілікті тұрғындарға қызмет ететін арнайы мобильді топтар құрылды. Радиусы 20 шақырым жер жарылыс қалдықтарынан тазартылады.

Хабар 24 телеарнасы