384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдан Арысқа алғашқы көмек керуені жолға шықты

  • 172
  • UPD: 13:52, 26.06.2019

Қостанайдан дәл қазір алғашқы көмек автокеруені Арыс қаласына жол тартқалы тұр.

Бұл сауапты іске өңірдегі көптеген мекеме мен ұйым атсалысты. Мысалы, жергілікті кәсіподақ бірлестігінің жастар қанаты бір жасқа дейінгі сәбилерге арнап гигиеналық заттар мен арнайы тағам жинаған.

Мағауия Қалиев, тілші:

– Жайсыз хабар жеткеннен-ақ Тобыл өңірінің жұртшылығы қиналған ағайынға қолдау білдіріп, қол ұшын беруге асықты. Бірінші болып қаржылай көмек көрсеткендердің арасында қостанайлық бизнес өкілдері де бар. Мысалы, жергілікті кәсіпкер Сергей Блок жағдайды естіген бойда бір миллион теңге, жеке шаруашылық иесі Еңбек ері Азамат Тұрсынов 3,5 миллион тенге аударған.

Ал бүгін Қостанайдан алғашқы көмек автокеруені Арысқа аттанғалы тұр. Оған 20 тонна ұн, 7 тонна макарон, 3 тонна түрлі тәттілер тиелген. Және бұл соңы емес. Келесі кезекте құрылыс материалдары мен басқа да тұрмысқа қажетті заттарды жіберу көзделіп отыр.

Бұл жерде негізінен бір жасқа дейінгі сәбилерге арналған гигиеналық заттар, арнайы  тағамдары жиналған. Мұны ұйымдастыруға кәсіподақ бірлестігінің жастар қанаты мұрындық болған. Бүгін бұл заттар да газелге тиеліп, оңтүстікке жіберіледі.

Айта кетейін, бүгін бірнеше мекеме, ұйымдар Арыстағы ағайынға көмек ретінде бір күндік еңбекақыларын аударатындығын жариялады.

Хабар 24 телеарнасы