384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісулықтар жинаған қайырымдылық көмектің алғашқы легі Арысқа аттанды

  • 144
  • UPD: 14:55, 26.06.2019
Жетісулықтар жинаған қайырымдылық көмектің алғашқы легі Арысқа аттанды

Жетісу өңірінің тұрғындары жинаған қайырымдылық көмектің алғашқы легі Арыс қаласына аттанды.

Ұзынағаш ауылының маңында топтасқан онға жуық жүк көлігіне 60 миллион теңгенің заты тиелген. Алматы облысының азаматтары Арыстағы жарылыстан зардап шеккен ағайынға ұн, қант секілді азық-түлік, балаларға жаялықтар мен киімдер және құрылыс материалдарын жөнелтті. Жалпы Алматы облысында гуманитарлық көмек жинайтын 23 арнайы орын ашылған. Ұзынағаштан Арысқа дейін – 750 шақырым. Керуеннің аман-есен жетуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы полиция экипажы бөлінген. Алматы облысы арыстық балалардың ауыр оқиғадан тезірек айығуы үшін біраз бүлдіршінді жазғы лагерьге қабылдауға да дайын.

Ғалиасқар Сарыбаев, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Алматы облысында 150 баланы қабылдайтын жазғы демалыс лагерінің орны дайын. Бүгін келеміз десе, бүгін қабылдаймыз. Сонымен қоса, бюджеттік мекемелеріміз, жеке азаматтарымыз, үкіметтік емес ұйымдар, Азаматтық қоғам институттары бір күндік жалақыларын аударып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы