384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыс кезінде 11 мыңнан астам адам жолда қалған

  • 202
  • UPD: 16:24, 26.06.2019
Арыстағы жарылыс кезінде 11 мыңнан астам адам жолда қалған

Арыс қаласында жарылыс болған күні 11 мыңнан астам адам жолда қалған.

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы жедел штаб құрып, жолаушылардың жағдайын жасауға кіріскен. Қызылорда мен Түркістан облыстарының және Алматы қаласының жергілікті билігі дер кезінде көмекке келген. Діттеген жеріне уақытылы жете алмай қиындық көрген халыққа ыстық тамақ пен ауызсу жеткізілген. «Жолаушылар тасымалы» кәсіпорнының баспасөз хатшысы Ахмет Шәріптің мәлімдеуінше, денсаулығы сыр беріп, дәрігерлердің көмегіне жүгінгендер жоқ. 11 мыңнан астам жолаушының екі мыңы арнайы бөлінген автобустармен тасымалданса, қалғандары басқа бағыт арқылы жүретін пойыздарға отырғызылған. Қазір тасымалдаушы компания келген шығынды есептеу және залал келген учаскелерді анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ахмет Шәріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы:

– Пойыздар Жезқазған-Бейнеу арқылы жаңа жол торабымен жүреді. Бұл оқыс оқиға. Участок ашылғаннан кейін ғана бұл пойыздардың бұрыннан жүретін бағыттары жанданады. Әзірге, бұл участок жабық. Сол себепті барлық жолаушы жаңа жол бойынша тасымалданып, Шымкент пен Түркістан қалалары арасында автокөлік қатынасы бар.

Хабар 24 телеарнасы