384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА: Арыстың мұны көпке ортақ

  • 147
ҚХА: Арыстың мұны көпке ортақ

Елордадағы достық үйінде Арыс тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету штабы құрылды.

Мұнда қайырымды азаматтардан азық-түлік, киім-кешек, көрпе-жастықтар қабылданады. Бүгінде ұйғыр, славян, неміс және таяуда ғана құрылған башқұрт бірлестігі белсенділік танытып жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлер де акцияға қатысуға ниет білдіруде. Жиналған бұйымдар 28 маусым күні жүк көліктеріне тиеліп, Арыс халқына аттандырылады. Айта кетейін, қайғылы оқиға орын алған күні-ақ жанашыр азаматтар көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, қаржылай, заттай көмектерін көрсетіп келеді.

Хасан Шәріпов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

– Естіп, бірінші күні көмегімізді бастадық. Мен өзбек орталығы атынан елорда шаһарынан 22 тонна ұн жібердім.

Хабар 24 телеарнасы