384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәдениет саласының өкілдері Арыс халқына көмек қолын созуға әзір

  • 156
Мәдениет саласының өкілдері Арыс халқына көмек қолын созуға әзір

Алматылық өнер және мәдениет саласының өкілдері де Арыс халқына рухани және материалдық тұрғыда көмек көрсетуді жөн санады.

Қала орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекемелердің екі бірдей штаб пәтері құрылды. Бүгін Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясынан алғашқы керуен жолға шықты. Қазіргі таңда қайырымды жандар Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы жанынан ашылған орталықта заттай және қаржылай көмектерін әкеліп жатыр. «Тас түскен жеріне ауыр. Осындай ауыртпашылықты ел болып жұрт болып көтеруге тиіспіз», – дейді өнер майталмандары. 

Арман Жүдебаев, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ректоры:

– «Бірлік бар жерде тірлік» бар дейді. Осындай қиын жағдайда біз қол ұшымызды бермесек, онда қай жерде қол ұшымызды береміз. Сондықтан бүгінгі шараға мәдениет саласындағы Әуезов театры, Құрманғазы оркестрі және де тағы басқа мекемелер қосылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы