383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның Фукусимадағы апат кезіндегі көмегін ешқашан ұмытпаймыз – Такеяма Тошимо

  • 167
  • UPD: 17:41, 26.06.2019
Қазақстанның Фукусимадағы апат кезіндегі көмегін ешқашан ұмытпаймыз – Такеяма Тошимо

Жапон инвесторлары да Арыстағы зардап шеккендерге көмектесуге тілек білдіріп отыр Атырау облысына ресми іссапармен келген жапон компаниясының өкілдері бүгін осындай мәлімдеме жасады.

Өңір басшылығымен кездесу кезінде жапон инвесторлары екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Күншығыс елінің бизнес өкілдіктері дәл осы аймаққа инвестиция салуға қызығушылық танытуының себебі Қазақстанның мұнай-газ саласындағы неғұрлым ірі жобалары осында шоғырланғандығына байланысты екендігі анық. Өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу үшін Атырауға арнайы келген сапартоп мүшелері біздің елдегі қайғылы оқиғаға да баса мән беріп, қолдау көрсететіндіктерін жеткізді. Өйткені қазақ елі де атом электр станциясындағы техногендік апат кезінде, әрі жапон халқының басына іс түскен кезде орасан қолдау көрсеткен болатын.

Такеяма Тошио, «TOKYO ROPE ALMATY» ЖШС Бас директоры:

- Түркістан облысындағы қайғылы оқиға туралы бәріміз де хабардармыз. 40 мыңнан астам зардап шеккен тұрғын бүгінде үйіне орала алмай отыр. Жапониядағы Фукусима атом электр станциясындағы апат кезінде Қазақстан біздің халқымызға өлшеусіз көмек, қолдау көрсетті. Біз оны ешқашан ұмытпаймыз, сондықтан зардап шеккендерге қолымыздан келгенше көмектесуге бізде ақ ниет танытып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы