384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат депутаттары Арысқа барды

  • 372
  • UPD: 18:49, 26.06.2019
Сенат депутаттары Арысқа барды

Бейбіт күнде жарылыстан зардап шеккен арыстық ағайынның жағдайын білуге Сенат депутаттары барды.

Олар алдымен Арыс қаласынан 10 шақырым жердегі Ақжол ауылындағы облыстық жедел штабтың жұмысын көрді. Жамбыл атындағы мектепте орналасқан штабта құқыққорғау органдары мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тәулік бойы  жұмыс істеп жатыр. Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған топ штаб өкілдерімен тілдесіп, Арыстағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Яғни, иесіз қалған үйлердегі мал-мүлік талан-таражға түспеуі керек. Сондай-ақ депутаттар ел арасында түрлі жалған ақпараттың тарап кеткеніне алаңдаулы. Айта кетейік, ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратқандар қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын хабарлаған еді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

- Қазіргі кезде кейбір ақпарат құралдарында және әлеуметтік желіде халықты үрейлендіретін, тексерілмеген, жалған ақпарат таратушылар көбейіп кетті. Шындығын айтқанда, оның бірде біреуі ақиқатқа сәйкес келмейді. Қаншама бала жоғалып кетті деген ақпарат таратылды. Ондай фактінің бірде бірі анықталған жоқ. Азаматтардың барлығы, балалардың барлығы өз ата-аналарымен қауышты. Жоғалып кеткен бірде бір адам жоқ.

Хабар 24 телеарнасы