389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азаматтардың борыш жүктемесін азайту жөніндегі жарлықты жұртшылық жылы қабылдады

  • 422
  • UPD: 20:56, 26.06.2019

Президенттің әлеуметтік аз қамтылған азаматтардың борыш жүктемесін азайту жөніндегі Жарлығын жұртшылық жылы қабылдады.

Жағымды жаңалықты естіген, көп балалы аналар балалардың несібесі артатын болды деп қуануда.

- Біз мұны жаңа ғана естіп жатырмыз. Бұл деген енді жалпы халық үшін, кредиті бар аналар үшін үлкен жеңілдік қой. Естіп, қуанып жатырмыз.

- Кредит алған көп балалы аналар көп қой. Солардың арқасы кеңіп қалатын болды. Бала-шағасының несібесіне осындай жақсылық болып жатыр екен. Тоқаевқа рахмет.

- Өте қажет. Қазақстан аз қамтылған отбасыларға қарайласып кредиттерін кешірсе деп ойлаймын. Көңіліне медеу. Тек жақсылық болады онда. 

- Ол жақсы ғой. Көпбалалы аналардың кредитін жауып берсе қуанамыз. Халыққа көмек қой кәдімгідей.

Хабар 24 телеарнасы