384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Bus World Almaty көрмесі өтіп жатыр

  • 149
  • UPD: 00:09, 27.06.2019

«ГАЗель  NEXT»-тің жаңа автобустары Алматыда өтіп жатқан Bus World Almaty халықаралық автобус көрмесінде көпшілік назарына ұсынылды.

Аталған қоғамдық көлікке 14-тен 22-ге дейін жолаушы мінуіне болады. Қалалық және қала маңындағы тасымалға арналған көлікке дизель, жанармай және биожанармай қозғалтқыштары қойылған.

«Вираж» автомобиль  холдингі «ГАЗель  NEXT» автобусын құрастырған кезде ең алдымен  адамдардың қауіпсіздігіне ерекше мән берген. Мұндағы баспалдақтардың төмен орналасуы жолаушылардың еш кедергісіз кіріп шығуына мүмкіндік береді. Панорамалық әйнектер мен көлік ішіндегі үш жылу жүйесі де өте ыңғайлы. 

Вадим Козырь, «Вираж» ЖШС Бас директоры:

-  «ГАЗель  NEXT» платформасында құрастырылған бұл қоғамдық көлік, өзін тек жақсы жағынан көрсетіп келеді. Себебі, оны пайдалануда  шығыны аз, ал техникалық сапасы жоғары. Сондықтан болар ішкі нарықта сұраныс бар.

«ГАЗель  NEXT»-тің қоғамдық көліктері  Алматыда  көптен бері пайдаланылып келеді.  Өйткені ол қауіпсіз, пайдалану мерзімі ұзақ. Бұл көліктердің құны өзгелермен салыстырғанда әлдеқайда  арзан болуы, оның  баға сегментінде көшбасшы болуына  мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ бүгінгі көрмеге «Вираж» автосалоны Қазақстанда құрастырылатын  «ПАЗ» және «Dongfeng»  автобустарын әкелді. Бұл  көліктер Семейдің DAEWOO BUS  зауытында құрастырылады.

Қанат Шоқбатаров, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС коммерциялық директоры:

-  Семейдегі зауыт 2007 жылы ашылды. Яғни біздің бұл нарыққа кіргенімізге биыл 12 жыл болды. Еліміздің өзге де аймақтарында біздің қоғамдық көліктер пайдаланылып жүр. Биыл автобустарымызды Атырау мен Семей қаласына жеткіздік. Дәл қазіргі таңда Семейге 170 автобус жіберіп жатырмыз. Сондай-ақ Өскеменге 120 автобусты жіберу туралы келіссөздер жүріп жатыр.

Автобустар Еуро-5 экологиялық стандартына сәйкес.  Қазір  зауытта мұндай автобустардың 8 түрі шығарылса, жыл соңына дейін тағы бір жаңа модель көпшілік назарына ұсынылғалы отыр. 

Авторлары: Алуа Маханбет, Нұрдәулет Жақсыбай

Хабар 24 телеарнасы