384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста жарылыстар тоқтады

  • 152
  • UPD: 09:37, 27.06.2019

Арыстағы жарылыстар тоқтады.

Қазір қала оқ-дәрі, снарядтардан тазартылып жатыр. Маусымның жиырма сегізі күні бұл жұмыстар аяқталып қалуы мүмкін. Сол кезде жұртшылықты Арысқа кіргізу мәселесі қайта қаралады. Шаһар 17 секторға бөлінген. Сапер, әскерилер барлық үйді жіті тексеріп шығады. Аулаларда снарядтардың бөлшектері әлі де бар. Бүгінгі таңда тек Арыс қаласының өзінен 500-ден артық жарылғыш зат табылып, жойылған. Қала жабық. Санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі. Әзірге эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Сондықтан тұрғындар көп кешікпей баспаналарына кіруі кәдік.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

– Бізде жоспар болған. Арыстың халқын ертеңнен бастап үйлеріне кіргіземіз деген. Бірақ, әскерилермен ақылдасып, оны кейінге қалдырдық. 3 күнге шегердік.

Хабар 24 телеарнасы