384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетілуде

  • 142
  • UPD: 09:41, 27.06.2019

Арыстағы апаттан зардап шеккендерге еліміздің студенттер альянсы да көмек береді.

Олар апаттың алғашқы күнінен-ақ жергілікті атқарушы билікпен бірлесе отырып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты. Бұл туралы Қазақстан студенттері альянсының президенті мәлімдеді. Оның айтуынша, Арыс қаласында орналасқан 2 колледжде 800-дей студент білім алады. Олардан жасақталған белсенді топ бір-бірінен ажырап қалған ата-ана мен балаларды табыстыруға жәрдем берді. Сондай-ақ республиканың әр өңірдегі филиалдардан да түрлі материалдық әлеуметтік көмек жөнелтілді. «Жасыл ел» жастарынан құрылысшылар бригадасы жасақталып жатыр.

Ілияс Түстікбаев, «Қазақстан студенттері альянсы» жетекшісі:

– Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарымен шұғыл жиналыс өткен болатын. Елорда жастарынан Арысқа көмек ретінде акция басталды. Акция аясында Жастар сарайында Республика 34 көшесінде, үшінші қабатында гуманитарлық материалдық көмек жинау басталды. «Қазмед» жастар бірлестігімен бірлесіп қан тапсыру акциясын бастады.

Апаттан зардап шеккен тұрғындардың тұрмысына Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері де бей-жай қарамады. Олар өңірдегі филиалы арқылы зардап шеккен тұрғындарға жатын орын дайындап, азық-түлік жеткізуге жәрдем берген.

Шаймардан Нұрымов, Қазақстан ұйғырларының республикалық этно-мәдениет орталығының төрағасы:

– Үйлерін босатып, өздері бір ханада тұрып, басқа ханаларының бәрін дұрыстап, көшіп келген, Арыстағы туыстарға көмек беріп жатыр. Тамақпен, тұрғын үймен қамтамасыз етіп жатыр. Қазірде 125 арыстық туыстарға қамқорлық көрсетіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы