386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік кәсіпкерлер Арыс халқына көмектерін аямады

  • 344
  • UPD: 11:38, 27.06.2019

Ақтөбелік кәсіпкерлер Арыстағы апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетті.

Бизнес өкілдері қаржылай және тұрмыстық қажетті заттарды оңтүстік өңірге жөнелтіп жатыр. Мәселен, жергілікті тігін фабрикасы құны 2 миллион теңгеден асатын тауарын берген. Көрпе-төсек, жастық пен киім-кешекті қиын жағдайға душар болған жандарға тарту етті. Жалпы ақтөбелік шағын және орта бизнес өкілдері «Менің атамекенім» арнаулы қайырымдылық есепшотына 8 миллион 700 мың теңге аударған. «Атамекен» ұлттық палатасы мүшелері бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Райхан Өтебаева, тігін фабрикасының атқарушы директоры:

– 2017 жылы су апатында біздің компаниямыз үлкен көмек көрсетті. Арыста болып жатқан жағдайда да біздің компаниямыз, жұмыс істеп жатқан адамдар да, барлығы да көмек көрсетіп жатыр. Тігіншілер, компания қызметкерлері 260 мың теңге жинап, арнайы шотқа жіберді.

Хабар 24 телеарнасы