384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттің несие жайлы жарлығын ақмолалықтар қуана қабылдады

  • 161
  • UPD: 11:56, 27.06.2019

Президенттің әлеуметтік әлсіз топтағы отбасылардың несиесін кешіру жайлы жарлығын ақмолалықтар да қуана қабылдады.

Аймақ тұрғындарының айтуынша, бұл – қарапайым халық үшін үлкен көмек. Айта кетейік, биыл жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті аймақта 4 жарым мыңнан астам отбасы алды. Ал енді олардың несиелері кешірілсе, бұл біраз отбасы үшін қомақты қолдау болмақ.

БЛИЦ:

– Ондай отбасылар бізде өте көп. Ол отбасыларға әуел баста сондай жәрдем болуға тиіс. Бұл мемлекеттің жасап жатқан ісі жақсы іс екен. Бір қуанышты хабар болған сияқты.

– Қиналған соң алады ғой. Сондықтан көмектесу керек. Оңды хабар екен. Жақсылық болсын.

– Қазір қарызы жоқ адам жоқ. Сондықтан жәрдемақымен күн көріп отырған отбасылар үшін олардың қарызынан құтылуы, үлкен нәтиже.

Хабар 24 телеарнасы