389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық көп балалы аналар несие жайлы жаңалыққа дән риза

  • 308
  • UPD: 12:02, 27.06.2019

Сыр өңірінде 35 мыңнан астам көп балалы ана бар.

Солардың бірі – Қызылорда қаласында тұратын Салтанат Әйтенова да бүгінгі Президент шешімін зор қуанышпен қабыл алғанын айтады. Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы қарыздарды жеңілдету тұрмысы қиын біраз отбасына демеу болады, – дейді ол.

Салтанат Әйтенова, қала тұрғыны:

– Аналар оқуға түсіремін дейді, той жасаймын дейді, өмір сүру ауқымы ауыр болғаннан кейін несиеге жүгінеді. Өйткені 6,7,8,9 баласы бар аналар бар. Балаларымызды жеткізу үшін, ешкімнен кем қылмау үшін несие аламыз. Несиелерді жауып беретін болса, өте қуаныштымыз, рақмет айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы