384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқашта ең үлкен балабақша ашылады

  • 105
Балқашта ең үлкен балабақша ашылады

Қарағанды облысының Балқаш қаласында ең үлкен балабақша ашылады.

Қазір нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Іргетасы жарты ғасыр бұрын қаланған бұл көне ғимарат кезінде театр болыпты, кейін мұнда колледж орналасқан. Осыдан бірер жыл бұрын қаңырап бос қалды. Сөйтіп қаңғыбастардың мекеніне айналған. Қысқа мерзімде үш рет өртеніпті. Архитектуралық келбеті ерекше ғимаратты сақтап қалу үшін жергілікті кәсіпкер Серік Қасымбеков сатып алған. Кейін қаладағы сұранысты ескере келе, балабақша ашуға шешім қабылдапты. Ол үшін 200 миллион теңге қаржы бөлген. Нысанның аумағы – 2500 шаршы метр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылатын бөбекжай 220 бүлдіршінге арналған. Айта кету керек, қазір шаһарда 800 сәби балабақша кезегінде тұр екен.

Серік Қасымбеков, кәсіпкер:

– Бұл енді жаңағы тарихи ғимарат болғандықтан, осының бұрыңғы қалпын сақтаймыз. Өйткені көрдіңіздер ғой, өте әдемі салынған. Ішінде біраз өзгеріс болады. Енді балабақшаға арналып салынады.

Хабар 24 телеарнасы