389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада арыстықтарға арналған акция өтті

  • 201
  • UPD: 15:49, 27.06.2019

Арыстағы ағайындардың көңіліне демеу болмақ ниетпен Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен ұжымдар қызметкерлері 1 күндік жалақысын аударуға ниет білдіріп отыр.

Игі шараға қалалық әкімдіктің қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, қала жастары мен белсенділері, өнерпаздар мен кəсіподақтар және қаланың 1000-ға жуық жанашыр азаматы қатысты. Олар арнайы қойылған қайырымдылық жәшіктеріне азды-көпті қаражат салып, көмек қолын созды. Сонымен қатар Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалық Батырхан Шөкенов атындағы саябақта Арыс қаласындағы зардап шеккен жандарға қаржылай қолдау көрсету мақсатында акция өтті.

Оңталап Нұрмаханов, қала тұрғыны:

– Қызылорда қаласындағы қайырымдылық акциясын көргенде халқымыздың қиындық кезде бірігетіні, бір-бірін қолдайтынын білгендейміз. Қызылорда қаласының адамдары ағылып келіп, қайырымдылық акциясына қатысып жатыр. Қолдарында бар дүниелерін беріп жатыр, ақшаларын салып жатыр. Қызылорда халқы қашанда сіздермен бірге деген ойды білдіреді.

Хабар 24 телеарнасы