384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарыарқа-Антитеррор 2019. Қарағанды облысында оқу-жаттығудың қорытынды кезеңі өтті

  • 140
  • UPD: 15:27, 27.06.2019
Сарыарқа-Антитеррор 2019. Қарағанды облысында оқу-жаттығудың қорытынды кезеңі өтті

Қарағанды облысындағы «Спасск» полигонында «Сарыарқа-Антитеррор-2019» оқу-жаттығуының қорытынды кезеңі өтті.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің құзырлы органдары терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын бірлесе ұйымдастырды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан мемлекеттері қатысқан оқу жаттығуға Шанхай ынтымақтастық ұйымы жанындағы бақылаушы елдер мен ТМД елдерінің өкілдері шақырылды. Осы ұйымға мүше елдерге қауіп тудыратын халықаралық террористік ұйымдарға қарсы күрестің ортақ тәсілдері пысықталды. Одан бөлек, лаңкестік шабуылдардың зардабын азайту және жою шаралары талқыланды. Оқу-жаттығу жоғары деңгейде өтті.

Хабар 24 телеарнасы