389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н. Нығматулин Австрия делегация өкілдерімен кездесті

  • 195
  • UPD: 14:33, 27.06.2019
Н. Нығматулин Австрия делегация өкілдерімен кездесті parlam.kz

Елімізге алғаш рет сапарлап келген Австрия Федералдық Кеңесінің төрағасы Инго Аппе Қазақстанның даму қарқыны мен стратегиялық мақсаттарына таң қалғанын жеткізді.

Мәртебелі мейман Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастың маңызды бөлігі парламентаралық іс-қимыл екенін атап өтті. Тараптар комитеттер аясында заңнамалық тәжірибе алмасуды одан әрі ынталандыру төңірегінде әңгімелесіп, парламентаралық ықпалдастықты нығайтуды талқылады. Нығматулин Австрия Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі екенін тілге тиек етіп, қос мемлекет арасындағы саяси-экономикалық байланыстарды жандандыра түсуді ұсынды. «Австрия – бүгінде жасыл технология бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі. Сондықтан Қазақстан осы саладағы инновациялық-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға ынталы», - деді Мәжіліс Төрағасы.

Хабар 24 телеарнасы