384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өнер өкілдері Арыс халқына көмек қолын созды

  • 208
  • UPD: 15:24, 27.06.2019
Өнер өкілдері Арыс халқына көмек қолын созды

Арыс тұрғындарына өнер ұжымдары да көмек көрсетті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты өнер мекемелерінің көмек штабы Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында құрылды. Азық түлік, киім-кешек, тазалық заттары тиелген жүк көлігі бүгін жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына жеткізілді. Сондай-ақ өнер ұжымдары бір күндік жалақыларын көмек қорына аударды.

Асхат Майемеров, Т.Жүргенов атындағы ҚАЗҰӨА ректоры:

– Біздің академия, консерватория, театрларымыз, филармония оркестрлер, колледждер біркүндік еңбекақыларын аударуды шешті.

Толқын Забирова, әнші, өнертану ғылымдарының профессоры:

– Әрине шетте қалған бір қазақ жоқ. Өнер өкілдері де өз үлестерін қосуда. Ел ағалары да өздерінің ақыл сөздерін айтып, халықтың көңілін көтеріп қолдап жатыр. Өзіміздің біркүндік жалақымызды жинап отырмыз. Ол енді бір кірпіш болса да елімізге деген көңіліміз.

Хабар 24 телеарнасы