383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірі Арыстан келген бүлдіршіндерді күтіп алды

  • 168
  • UPD: 17:34, 27.06.2019

Арыс қаласында болған апат балалардың жазғы демалысының да шырқын бұзды.

Осыны ескерген Павлодар облысының әкімшілігі 300 баланы жазғы сауықтыру лагерлеріне қабылдауға шешім шығарған болатын. Бүгін міне арнайы ұшақпен 130 бала, 14 әлеуметтік педагог ұшып келді. Күтпеген жерден Ертіс өңіріне табан тіреген бүлдіршіндердің көңіл күйлері жақсы. Салтанатты қабылдаудан кейін олар автобустарға отырып, Баянауыл ауданына жүріп кетті. Екі апта бойы туристік аймақтағы «Жас дәурен» лагерінде алаңсыз демалатын болады. Оларға әлеуметтік, психологиялық және медициналық көмектер көрсетіледі. Павлодардың мемлекетік педагогикалық университетінің студенттері оның ішінде «Серпін» бағдарламасы бойынша оңтүстік өңірлерден келген студенттер волонтер ретінде жұмысқа тартылған. Апатты аймақтан жақын күндері арнайы рейспен тағы 170 бала жеткізіледі.

Айдын Абай, Арыс қаласының тұрғыны:

– Ешқандай жарақат алған жоқпыз. Бәрі аман-есен, жолықтық. Туысқандарымыздың бәрі аман.

Асхат Оралов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

– Арнайы рейс ұйымдастырылып, ұшып келді. Өйткені көп балалар стрессте. Жазғы демалыс жақсы өтеді деген жоспарымыз бар. Қазір киелі Баянауыл еліне барады. Арнайы туристік үй дайын.

Хабар 24 телеарнасы