384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Несиеге қатысты жаңалыққа қаржы кеңесшісі пікір білдірді

  • 194
  • UPD: 17:31, 27.06.2019

Қаржылық кеңесші Расул Рысмамбетовтың пікірінше, тұрмысы төмен отбасылардың несиесін кешіру туралы Президент жарлығы көптеген қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жаңа талап бойынша несиелер енді тек сенімді тұлғаларға беріле бастайды.

Расул Рысмамбетов, қаржы кеңесшісі:

– Президент жарлығында табысы мүлдем аз қазақстандықтарға несие беруді тоқтату туралы айтылған. Әрине бұл – қатаң шара. Сондықтан алдағы уақытта жалақының көбейіп, әлеуметтік көмек мөлшері де артады деп үміттенеміз. Расында да, елімізде тапқан табысы шай-пұлынан артылмайтын азаматтар көп. Себебі олардың жалақысы аз.

Хабар 24 телеарнасы