384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет несиелік борышты өтеу үшін 105 млрд теңге бөледі

  • 534
  • UPD: 17:27, 27.06.2019

Үкімет жағдайы төмен отбасылардың несиесін жабуға 105 млрд теңге бөледі.

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайлов мәлімдеді. Ведомсвто басшысы көп балалы аналар мен мүгедектердің несиелерін жабуға жұмсалатын ақшаның қайдан алынатынын айтты. Сонымен қажет сомма – 105 млрд теңге. Оның 88 млрд-ы республикалық бюджеттен қарастырылады. Үкімет мүшелері алдағы аптада бюджетті нақтылау барысында аталған сомманы бөлуді ұйғарып отыр. Ал қалған қаражатты проблемалық несиелер қорынан облигацияларды шығару арқылы тарту көзделген.

Хабар 24 телеарнасы