389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыс: Көмек қорына жарты млрд теңге түскен

  • 383
  • UPD: 17:32, 27.06.2019

Арыс халқына көмек беруге ашылған Түркістан облысының әлеуметтік даму корпоративтік қорына жарты миллиард теңгеден астам қаржы түсті.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Nur Otan» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Партиялықтардың айтуынша, қазіргі таңда гумманитарлық көмекпен бірге құрылыс материалдарын жіберуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Себебі қаладағы тұрғын үйлердің басым бөлігі зақымданған. Қазірдің өзінде 100 тонна құрылыс материалы тиелген вагондар Алматыдан Түркістан облысына жол тартты. Бұған қоса, апат салдарынан денсаулығына зиян келген, жұмыссыз қалған азаматтарға және асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекеттік бюджеттен және әлеуметтік сақтандыру қорынан қаржылай көмек беріледі. Сондай-ақ оқыс оқиғадан кейін есін жия бастаған ересектер мен балаларға психологиялық көмек беру үшін аймаққа 24 маман жіберілген.

Тамара Дүйсенова, «Nur Otan» партиясының хатшысы:

– Біз Шымкент қаласында Түркістан облысы штабының қоймаларына 518 тонна азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдарын жеткізді. Сонымен бірге, қазір 9 облыс 89 тонна осындай тауарларды даярлап отыр. Қазір Ақтөбе, Павлодар, Ақмола облыстары 700-ден астам балаларды жазғы лагерге шақырғалы отыр. Бұл жөнінде де біз ата-аналармен бірге үлкен жұмыс атқарамыз.

Хабар 24 телеарнасы