384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс қаласы 17 секторға бөлініп жөнделеді

  • 338
  • UPD: 23:35, 27.06.2019

Бұл туралы өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, 17 сектор, 17 облыс-қалалардың әкімдіктеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөліп берілген. Демек Арысты қайта қалпына келтіруге бүкіл облыс жұмылдырылады. Бұл шаруа қалай іске асырылады?

Арыс қаласындағы 17 секторды еліміздегі барлық облыс әкімдіктері бір-бірден бөліп алды. Енді әр облыс өзіне бекітілген сектордың жұмысына жауапты болады. Әркім өз аумағындағы тазалау, залалсыздандыру, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Олардың әрқайсысының жанында 40 жауапты қызметкерден болады. Сол жауаптылар апта соңында тұрғындарды қалаға кіргізіп, үйлеріне орналастырады. Сонымен қатар әрбір баспананың зақымдануын фото-видеоға түсіріп, актілер жасаумен айналысады. Әрбір облыстан 10 бригададан, жалпы саны 1500-ден астам құрылысшылар келіп, жөндеуді бастайды. Мәселен, бүгін Жамбыл облысынан келген арнайы топ өздеріне бекітілген 3-секторды аралап, тиісті жұмыстарға кірісті.

Бейсен Тәжібаев, облыстық жедел штабтың мүшесі:

– Ал қорғаныс саласының мамандары өздеріне жүктелген міндет бойынша қаланы сенбіге дейін жарылғыш оқ-дәрілерден толықтай тазартып шығуы керек. Бүгінгі мәлімет бойынша, Арыс қаласы аумағындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға ІІМ-нің жеке құрамынан 1488 адам және 189 бірлік техника жұмылдырылған.

Авторы: Жандос Жұмабек

Хабар 24 телеарнасы