389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстықтарға ШҚО-дағы 16 өндіріс орны қол ұшын созды

  • 299
  • UPD: 23:35, 27.06.2019
Арыстықтарға ШҚО-дағы 16 өндіріс орны қол ұшын созды

Шығысқазақстандық кәсіпорындардан Арыс қаласына бүгінгі күнге дейін 118 миллион теңгеден астам қаржылай көмек аударылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қару-жарақ жарылысынан зардап шегіп, эвакуацияланған жұртқа өңірдегі металлургиялық кешендер мен зауыттар сынды жалпы 16 өндіріс орны белсене қол ұшын созды. Өскемендегі көмек қабылдау пунктерінде де кісі қарасы үзілген жоқ. Қарапайым тұрғындардан бөлек балабақша қызметкерлері, журналистер қауымы, Ұлттық ұлан әскери бөлімшелері сияқты біршама ұжым арыстықтарға қажет деген заттарды жинақтап жатыр. Арасында балаларға арналған ойыншықтар мен көрпе жастық, азық-түлік әкеліп жатқандар көп.

Ринат Рамазанов, 66/99 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы:

– Мақсатымыз – Арыс тұрғындарына барынша қолдау көрсету. Сол арқылы қиындықтың барлық елге ортақ екенін сезіндіру. Біз бірлігі жарасқан, ынтымағы берік елміз. Ендеше бұл қиындықты да бірге жеңеміз. Көмек беруге қашан да әзірміз.

Хабар 24 телеарнасы