383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент шешімі: азаматтардың борыш жүктемесін азайту

  • 216
  • UPD: 23:34, 27.06.2019
Президент шешімі: азаматтардың борыш жүктемесін азайту

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көп балалы отбасылар мен мүгедектердің қордаланып қалған қарызын кешіру туралы шешімі осы санаттағы әр адамның үміт отын жағады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттің рақымшылығына ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен асыраушысынан айырылған жанұялар да ие болады. Петропавлдықтардың пікірінше, бұл олардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, талай тағдырды тығырықтан шығарады. 

Марат Бекжігіт, қала тұрғыны:

– Әр адамның өзінің қарызы бар шығар. Мысалы, кредит сияқты. Ал мүгедек жандарға ол өте үлкен көмек болады деп ойлаймын. Жаңа өмір де сыйлауы мүмкін. Өте жақсы шешім деп ойлаймын. Елімізге, халқымызға, әсіресе мүгедек жандарға өте жақсы шешім болады.

Роза Қадырбекова, қала тұрғыны:

– Бұл – өте керек көмек. Қарызға батқан адамдар үшін қазір қиын. Әсіресе көп балалы отбасылардың жағдайы мәз емес.

Хабар 24 телеарнасы