389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мегаполистерде жыл сайын жастар үшін 3 мың пәтер салынады

  • 251
  • UPD: 23:34, 27.06.2019

Елімізде мегаполистерде еңбек етіп жүрген жастар үшін салынатын баспана саны артады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әрбірінде жыл сайын мың пәтерден жалпы саны 3 мың пәтер салынады.

Роман Скляр, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

– Елбасының тапсырмасы бойынша биыл үш қалада жастар үшін мың пәтер салынады деп жоспарлағанбыз. Алайда оны қайта қарап, биыл әрбір қалада мың пәтерден жалпы үш мың үй саламыз деп отырмыз. Бұл келер жылы да 2021 жылы да жалғасады. Аз қамтылған азаматтар үшін жалға берілетін пәтерлер құрылысының өсуі Ұлттық банкпен бірлесіп жүргізілетін болады. Осы санаттағы тұрғын үй құрылысын ұлғайту үшін жеке инвесторларды, жеке құрылыс салушыларды тарта отырып, жаңа тетік әзірлейміз.

Хабар 24 телеарнасы