389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жақып Асанов судьяларды шешімдерін халыққа түсінікті тілмен жеткізуге шақырды

  • 370
  • UPD: 23:33, 27.06.2019

Жыл басынан бері еліміздің соттары жаңартылған заңнама аясында жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде 16 заң қолға алынды. Олардың алтауы қазірдің өзінде күшіне енсе, жетеуі Парламент қарауында жатыр. Қалған үшеуі мемлекеттік органдардың келісімінде. Қазіргі уақытта судьялардың кадрлық құрамын жақсарту, оларды қажетсіз жүктемеден босату және сот процестерін оңтайландыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ел Президенті жанындағы Адам құқықтары туралы комиссияның кеңейтілген отырысында осы туралы айтылды. Комиссия мүшелері судья болуға үміткерлерді іріктеу тәсілдерінің өзгеруі, сот төрағаларының әсерін төмендету мақсатында жалпы отырыстардың төралқаларын алып тастау және тең дәрежелі судья лауазымында 2 реттен артық болуға тыйым салынғаны туралы атап өтті.

Жақып Асанов, ҚР жоғарғы сот төрағасы:

– Судья өзінің шешімін жариялағаннан кейін, заң терминімен емес, түсінікті, қарапайым тілмен түсіндіріп берсе. Судьялар солай жұмыс істесе, сонда ғана сенім болады. Сонда ғана азаматтарымыз келіспей, жоғары сатыларға арыздарын жаудыра бермейді.    

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біздің Қазақстанда сот жүйесінде үлкен жаңа реформалар жүргізіліп жатыр. Негізгі сот жүйесінің өзінің бірден-бір мақсаты – адам құқығын қорғау. Соған байланысты біз Жақып Асановпен келісіп, қазір осы кісілермен жасалып жатқан реформалардан бір жағынан хабардар болу, біздің қоғам үшін олардың көзқарастарын айту, өздерінің үлестерін қосу.

Хабар 24 телеарнасы