384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыстардан жараланған 9 адам жансақтау бөлімінде жатыр

  • 194
  • UPD: 23:33, 27.06.2019

Оның төртеуі – бала, қалған бесеуі – ересек адам, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыр халде жатқан 2 бүлдіршін жақын арада елордадағы Ана мен бала орталығына жеткізіледі. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның айтуынша, өлім мен өмірдің арасында жатқандарды аман алып қалу үшін еліміздің мықты деген дәрігерлері жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ министр: «медициналық мекемелердің көмегіне жүгінгендердің арасында радиактивті заттармен уланғандар жоқ», – деді.

Айта кетейік, жарылыс болған 24 маусымнан бастап қазірге дейін 409 адамға медициналық көмек көрсетілген. 

Елжан Біртанов ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Тағы бір науқас Алматы қаласындағы 7-клиникалық ауруханаға ауыстырылады. Қажетті дәрі-дәрмек сол жерде ұйымдастырылған. Қазіргі күні медициналық көмекке қосымша басқа облыстардан, Түркістан облысының және Шымкенттің санитарлық дәрігерлері бар, 140 дәрігер жұмыс істеп жатыр. 20 қосымша бригада ұйымдастырылған. Олар эвакуациялық пунктерде санитарлық-дезинфекциялық жұмыстарды жасауда.

Хабар 24 телеарнасы