389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс тұрғындары үйлеріне оралады

  • 446
  • UPD: 23:33, 27.06.2019

Ертең таңертең 66 эвакуациялық бекетке арнайы автобустар барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Жалпы, Арысты тазалау жұмыстары 65 процентке аяқталған. Тұрғындар қалаға жеткенше барлық жұмыс толығымен бітеді. Бүкіл от ошақтары сөндірілген. Қала қазір 16 секторға бөлінді. Облыс аудандарынан 640 адам бөлініп, олар шығындарды есептеумен айналысады. Одан бөлек, еліміздің әр өңірінен 160 бригада келіп, күрделі жөндеу жұмыстарын бастайды. Арыстықтарды қолдау мақсатында құрылған «Түркістан корпоративтік әлеуметтік даму» қорына 721 млн теңге жиналған. Өңір басшысының айтуынша, қала маңындағы қару-жарақ қоймасы жойылады. Және мұндай апат енді қайталанбайды. Сондай-ақ қалаға оралған тұрғындар үйлер мен дүкендердегі барлық азық-түлікті жоюлары тиіс.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

– Тұрғындардың өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша кіреберіс жерде жадынама таратылады. Жадынамаға байланысты төмендегідей шарттарды қатаң сақтауды сұраймыз. Мысалы, үйге кіргенде күдікті заттардың болмауына көз жеткізіңіз. Егер қандай да бір күдікті зат анықталса, 112 немесе 102 телефонына қоңырау шалу қажет. Үйге кірген уақытта ұрлық болды деген күдік болса, ешнәрсеге тимей, дереу 102 -ге қоңырау шалыңыз.

Хабар 24 телеарнасы