384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылықтар арыстықтарға құрылыс материалдарымен көмектесуде

  • 157
  • UPD: 23:32, 27.06.2019

Арыстағы оқиғаға байланысты Алматыда да қайырымдылық шаралары жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті тұрғындардан бөлек жеке кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдардан қол ұшын беремін деушілер көбеюде. Оларды бір жерге шоғырландыру үшін қалада екі қабылдау пункті ашылды. «Ауыр апаттан кейін қираған үйлерді қалпына келтіруге бірінші кезекте құрылыс материалдары қажет. Сондықтан қазір біз құрылыс компанияларымен бірлесіп жөндеу жұмыстарына қажет заттарды жіберуді жөн көрдік», – дейді Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының өкілдері.

Арман Халбеков, Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

– Бүгіннің өзінде алматылықтардың атынан Арыс қаласына 60 тонна жетті. Сонымен қатар жастар да бұл жерде белсенді атсалысып жатыр. Кәсіпкерлер де атсалысып жатыр. Соның барлығы да бүгін сол жаққа жетті. Енді арнайы орталықта «Сүйінбай, 224» деген база ашқан болатынбыз. Сол базада бүкіл құрылыс заттары жиналып жатыр. Соны кезекпен жіберіп отыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы